«7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотека беру қашан басталады

Хабар 24
Ипотекалық займдарды беру екінші жартыжылдықтан бастап жоспарланған.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысының «7-20-25» бастамасын жүзеге асыру шараларына түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде «Нұрлы жер» бағдарламасына түзетулер енгізілуде. Бұл шаралар жаңа «7-20-25» бағдарламасына қосымша инфрақұрылымның қажеттігіне байланысты жасалып отыр. Сондықтан аталған бағдарлама аясында қосымша жұмыстар жоспарланып отыр», - деді министр Үкімет отырысынан кейін.

Оның сөзіне қарағанда, ипотекалық займдарды беру екінші жартыжылдықтан бастап жоспарланған.

«Ұлттық банк екі айдың ішінде бағдарламаны бекітіп, екінші жартыжылдықтан осы ипотеканы беруді бастайды. Бұл тұрғыда жаңа тұрғын үйлер ескеріліп отыр», - деді ведомство басшысы.

Бұдан бөлек, ол «Нұрлы жер» бағдарламасы ары қарай жалғасатынын атап өтті.

«Нұрлы жер» бағдарламасы сәтті іске асырылып жатыр. Жеке тұрғын үй құрылысын қолдау, несиелік әрі арендалық баспана, ипотека бұрынғысынша сақталады», - деді Ж. Қасымбек.

Президенттің Бес әлеуметтік бастамасының бірі «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыруға байланысты «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасына өзгерістер енгізілетіні туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы