Ақтөбедегі тасжолда қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер табылмай жатыр

Сурет: zakon.kz
Әзірге күдікке іліккен ешкім жоқ.

Ақтөбе облыстық ІІД бір айда екі қарақшылық шабуыл мен кісі өлімі тіркелген соң жолдағы қауіпсіздікті бақылауға алды. Полиция қызметкерлері қарақшылық шабуыл туралы қандай да бір ақпарат білсе, дереу жеткізуді сұрап отыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы Солтүстік айналма жолда Ресей азаматына қарақшылық шабуыл жасалып, оның 31 мың рублі мен сақиналарын алып кеткен болатын. Арада екі апта өткенде Ақтөбе-Орынбор тасжолында тағы бір қарақшылық шабуыл жасалып, 52 жастағы жүргізуші басынан тиген оқтан көз жұмды. Күдікті оның ақшасы мен жүргізуші куәлігін алып кеткен.

«Жол-патрульдік қызметі облыстағы барлық тасжолды бақылауға алып, күзетті күшейтті. Қазіргі кезде нақты санын айта алмаймыз. Полиция қызметкерлерінің бәрі өз орнында жұмыс істеп жатыр. Қайтыс болған жүргізуші Ақтөбе облысының тұрғыны. Ол жүк көліктерін тасымалдаумен айналысқан. Оның ақшасы мен жүргізуші куәлігін алып кеткен», — деді Ақтөбе облыстық ІІД басқарма бастығы Арман Мұхамедияров.

Ақтөбе облысының ішкі істер департаменті алыс жолға шыққан жүргізушілерге арнайы демалыс орындарына аялдап, сол жерде демалуға кеңес берді. Сонымен қатар, жол бойында бөгде адамдарға тоқтауға болмайды.

«Ақтөбе – Орынбор» тас жолында көлік көп жүреді. Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан азаматтары да осы жолмен жүрген. Кез келген адам, жүргізуші күдіктіні байқап қалуы мүмкін. Көлікте бейнерегистратор да бар. Қарап, ақпарат беруін сұраймыз. Біз ақпарат берген адамды құпия сақтаймыз», — деді Ақтөбе облыстық ІІД басқарма бастығы Арман Мұхамедияров.

Полиция қызметкерлері қаруы бар адамдарды мекенжайы бойынша тексеріп, соңғы жылдары жоғалған, ұрланған қару тексеріліп жатыр. Әрі бұрын қарақшылық шабуыл жасаған адамдар да бақылауға алынды. Әрі өткен жылы жазасын өтеп шыққан адамдарды полиция тексеріп, қылмысты ашу үшін тергеу жүргізіп жатыр. Әзірге күдікке іліккен ешкім жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды