Қазақстан ресейлік 242 азаматты өз еліне қайтарды

Хабар 24
Ал Ресей Федерациясы болса 272 отандасымызды экстрадициялады.

Қазақстан Ресейдің 242 азаматын өз еліне қайтарды, деп хабарлайды Хабар 24.

Ал Ресей Федерациясы болса 272 отандасымызды экстрадициялады. Оның сотталған 112-сі елде ары қарай жазасын өтейтін болады. Бұл туралы бүгін еліміздің Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров пен Ресей Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкиннің кездесуі барысында мәлім болды. Онда тараптар өзара ынтымақтастық туралы және «Байқоңыр» кешені аумағындағы қатынас жөніндегі келісімдерге қол қойды.

Сондай-ақ қылмыстарды ашу мен тергеп-тексеру барысындағы әдіс-тәсілдерімен бөлісуге, оның ішінде террористік, экстремистік және сыбайлас жемқорлық сияқты бағыттарда тәжірибе алмасуға келісті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды