Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 26-шы сессиясы басталды

sputniknews.kz/
Биылғы сессия Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасын талқылауға арналған.

Астана қаласында Бейбітшілік және Келісім сарайында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуiмен «Бес әлеуметтiк бастама - қоғамның әлеуметтiк бiрлiгiнiң тұғыры» тақырыбымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ассамблея мүшелерінің жалпы саны - 466 адам, залда 413 адам қатысуда. Биылғы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясын ашық деп жариялаймын, - деді Мемлекет басшысы.

Ассамблея мүшелерінің қатарында елдің барлық өңірiнен келген Ассамблея ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдар, саяси партиялар, діни бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, ЖОО ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының, ғылыми, шығармашыл зиялы қауым өкiлдерi мен бұқаралық ақпарат құралдары бар.

Сессия соңында салтанатты концерт өтедi.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек