Астанада 1 маусымнан бастап ЭКСПО аумағындағы тұрғын үйлерді сату басталады

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу уақытында шет ел делегациясы қатысушыларының тұруы үшін 42 тұрғын үй салынды.

1 маусымнан бастап "Бәйтерек" холдингінің - "Байтерек девелопмент" АҚ еншілес ұйымы Астана қаласындағы ЭКСПО аумағында орналасқан тұрғын үйлерді сатуға шығарады. Пәтерлер мен көлік тұрақтары сатылымға нарық жағдайында шығарылады, деп хабарлайды BNews.kz "Байтерек девелопмент" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2016 жылы Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу уақытында шет ел делегациясы қатысушыларының тұруы үшін 42 тұрғын үй салынды. Жылжымайтын мүлік нысандары Ұлттық қор мен жобалау компанияларының инвестициясына салынды. Мемлекеттің тұрғын үйге бөлінген қаржыны қайтару, нарықта жылжымайтын мүлікті сату арқылы жүзеге асады", - деді басқарма төрағасының орынбасары Усербаев.

ЭКСПО аумағында көлік тұрағымен пәтерді кез келген адам өзінің қаржысына немесе "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ екінші деңгейлі банктерден ипотекалық қарыз алу арқылы ала алады.

Усербаев атап өткендей, ЭКСПО тұрғынжайларын сатудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін,өтініш қабылдауды Digital Baiterek онлайн-платформа арқылы жүргізу жоспарлануда. Бүгінгі күні тестлеу мен өңдеу кезеңі өтуде.

Тұрғын үйдің жайлылығы II классты және таза әрлеуде өткізіледі. Бір бөлмелі пәтердің аумағы 41,3 нен 50,7 ш.м, екі бөлмелі – 60,8 ден 75,6 ш.м., үш бөлмелі – 85,3 ден 104,9 ш.м, төрт бөлмелі – 108,4 ден 123,7 ш.м. Жуық арада жылжымайтын нысандардың бағасы тәуелсіз консалтинг компаниясын тартумен анықталатын болады.

"Бәйтерек девелопмент" АҚ – Қазақстан бойынша тұрғын үйді жалға және несиеге беру құрылысын қаржыландырады. "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында жергілікті атқарушы органдардан облигация сатып алу бойынша қаржыландырудың бірегей операторы болып табылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: