Түлектердің 80 пайызы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсыруға өтініш берді

www.inform.kz
Бүгінде ҰБТ-ға дайындық шаралары жүргізіліп жатыр.

Ұлттық Бірыңғай тестілеуден өтуге бүгінгі таңда 96963 түлек өтініш беріп, олардың 73 мыңы қазақ тілінде тапсыруға бел буып отыр. Бұл туралы ОҚК-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Рамазан Әлімқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім, ауыл шаруашылығы, ветеринария салалары бойынша 60 бал минималды шектеулі бал болып саналады. Ұлттық университеттерде - 65 бал. Медицина бойынша 65 бал. Яғни, бұрынғыдан ешқандай өзгеріс жоқ», - деді ол.

Оның айтуынша, ҰБТ-ға дайындық шаралары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде тест сұрақтарының 50 пайызы жаңартылған. Былтыр 40 мың сұрақ болса, биыл қорда 110 мың сұрақ бар. Оның ішінде 3 мыңдайы ағылшын тілінде. 119 мың сұрақтың ішінде 11 пайызы функционалдық сауаттылыққа бағытталған.

«Бүгінгі таңда 96963 түлек өтініш берді. Соның ішінде бір қуанышты жағдай, 96 мыңның ішінде 73 мың түлек қазақ тілінде тапсырамын деп өтініш білдіріп отыр. Бұл түлектердің 80 пайызға жуығы. Ал жалпы, биылғы түлектердің саны - 146 мың», - деді Рамазан Әлімқұлов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді