Қостанай тұрғыны танысын тірідей көміп тастаған

ҚазАқпарат
Рудный қаласының екі тұрғыны өндіріс орнында ішімдік ішіп, өзара келіспей қалған.

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі сотында танысын тірідей көмген 28 жастағы облыс тұрғынына қатысты іс қаралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдарында көрсетілгендей, Рудный қаласының екі тұрғыны өндіріс орнында ішімдік ішіп, өзара келіспей қалған. Сәлден соң бірі екіншісін ұрып-соққан. Күдікті бірнеше уақыттан кейін қолына темір алып, жерде жатқан досының кеудесіне 4 соққы жұмсады.

«Күдікті еденде қансырап жатқан танысын көріп, оны өлтірдім деп ойлайды. Қылмысын жасыру үшін жәбірленушіні жүк көлігінің шөмішіне салып, Горняцкий ауылының шетіне апарып көміп тастаған. Сараптама қорытындысы бойынша, жәбірленуші соққыдан емес, үсіктен көз жұмған», - делінген облыстық соттың хабарламасында.

Күдіктіге ҚР ҚК 99 бабы («Кісі өлтіру») бойынша айып тағылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзі: толық мәтін

Тоқаев Иордания короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Рамазан-2026, Ораза және Құрбан айт: Қазақстандағы діни мерекелер кестесі жарияланды