Рамазан-2026, Ораза және Құрбан айт: Қазақстандағы діни мерекелер кестесі жарияланды

Рамазан-2026, Ораза және Құрбан айт: Қазақстандағы діни мерекелер кестесі жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2025 18:49 Сурет: pixabay
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Шариғат және пәтуа бөлімі келесі жылға арналған діни мерекелер кестесін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпарат 2025 жылғы 6 қарашада ҚМДБ ресми сайтында жарияланды.

Күнтізбеге сәйкес, 2026 жылы Қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады, ал Қадір түні 16-17 наурызға түседі.

Келесі жылы Ораза айт мерекесі 20 наурызда, ал Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 27 мамырға сәйкес келеді.

Сурет: muftyat.kz

ҚМДБ мәліметінше, Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды.

Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: