Алматыда бұғы мүйізін тиеп алып бара жатқан адам ұсталды

zakon.kz
Көлікке Моңғолияның мемлекеттік нөмірі бекітілген, ал көліктің өзі ауыр салмақтан, отырып қалған.

Алматыда "Буран 39" қызметкерлері Алатау ауданында торуылдау кезінде күдікті автокөлікті байқап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар Ақын Сара көшесімен шығыс бағытта кетіп бара жатқан Toyota Ipsum көлігін тоқтатады.

Көлікке Моңғолияның мемлекеттік нөмірі бекітілген, ал көліктің өзі ауыр салмақтан, отырып қалған.

Полиция қызметкерлері жүргізушіге көлікті тоқтатуға бұйырады. Құжаттарды тексерген соң, жүргізушіден жүксалғышта не бар екенін сұрайды. Ер адам көлікте бұғының мүйізі бар екенін айтады.

Тексеру барысында, Toyota Ipsum жүксалғышынан 5 қап бұғының мүйізі анықталады, тағы бір қап көліктің ішінен табылады.

Toyota Ipsum жүргізушісі мүйіздерді заңды түрде Алматы облысы, Кеген ауданынан алып келе жатқанын айтады. Оның айтуынша, ол жануарлардың өздігінен лақтырып тастаған мүйізін жинап алған көрінеді. Алайда оларға ешқандай құжаты болмаған.

Полицейлер кейбір мүйіздің арамен кесілгенін байқады. Жүргізушінің айтуынша, мүйіз көлікке сыймағандықтан, оларды кесуге мәжбүр болыпты.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері келді, жүргізуші қамауға алынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді