Қазақстанда демалыс және мереке күндері ауа райы қандай болады

zhambylnews.kz
Кейін антициклонның келуіне байланысты жауын-шашын тоқтайды.

Атмосфералық фронттардың ықпалынан, сәуірдің соңғы күндерінде кей жерлерде, әсіресе Қазақстанның солтүстігі мен шығыс облыстарында басымырақ жаңбыр өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Алдағы екі тәулікте суық арктикалық ауа ағындары күн райының салқындауына ықпал етеді. Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында жаңбыр, солтүстік және орталық облыстарда қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Шығыс және оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды», - делінген хабарламада.

Кейін антициклонның келуіне байланысты жауын-шашын тоқтайды. Антициклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне ауысып, республиканың барлық аумағында ауа температурасы жоғарылайды.

9 мамырда көптеген облыстарда күн жылынып, жауын-шашын болмайды. Тек Қазақстанның қиыр солтүстік аудандарында 8-9 мамырда жаңбыр жаууы ықтимал.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі