ОҚО-да 1369 адам кенеден зардап шекті

Көктем шығысымен зардап шеккен 1369 адам дәрігер көмегіне жүгінген.

Өткен жылмен салыстырғанда ОҚО-да кене шаққан адамдар саны екі есеге өскен, деп хабарлайды Хабар 24.

Көктем шығысымен зардап шеккен 1369 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Қуанышқа орай, олардың арасында конго-қырым геморрагиялық безгегі инфекциясын жұқтырғандар болмаған. Мамандар аталған вирустың бар-жоғын тексеру мақсатында 14500-дей жәндіктерді сараптамадан өткізіп, оның 42 сараптамасы оң нәтиже көрсетіп отыр. Жұқпалы ауру тасымалдаушы жәндіктер табылған облыс орталығы зардап шеккендер саны жағынан да көш бастап тұр. Санитарлық дәрігерлер осы тектес 429 оқиғаны тіркеген, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есеге ұлғайған. Мамандардың айтуынша, халық жөлек кенеден төнетін қауіп пен ауру түрлері жайында хабардар болғандықтан, олар кене шаққан жағдайда бірден медициналық мекемелерге жүгінеді. Бұл статистикаға да әсер етіп отыр.

– Шымкент қаласы басқа аудандарға қарағанда көп болуы. оның бірден-бір себебі шымкент қаласының тұрғындары аудандарға демалуға барады таза ауаға. Сол кезде кене шағып келіп қалаға келіп қаралады. қаланың тұрғындары аудандарға демалыс күндері баруының нәтижесі осындай кене шағу.Қалада да көптеп тіркелуде, - деді Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім бастығы Талғат Арымбаев.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: