Аталған форум әдетте ШЫҰ мемлекет басшыларының саммитi қарсаңында ұйымдастырылады, деп хабарлайды BNews.kz.
Форумға қатысушы сарапшылар Қазақстан үшін ШЫҰ-ы мемлекеттерімен экономикалық ынтымақтастық пен қарым-қатынасты нығайту маңызды екенін атап өтті.
"Тұрақты даму үшін, экономикалық байланысты нығайту керек. Экономикалық одақ аясында, Шанхай ынтымақтастық ұйымы аумағында интеграциялану Қазақстанмен барлық мемлекеттер мен аймақтар үшін басты басымдылық болып табылады. Бұл сын-тегеурідер өзін толықтай ақтады, өйткені соңғы жылдары қарым-қатынастың осы моделі өзін дәлелдеп шықты. Экономикалық ынтымақтастық аясында Қазақстан мен Қытай, Қазақстан мен Ресей, Қазақстан мен Өзбекстан қарым-қатынасы белсенді түрде жанданып, нәтиже беруде. Сондықтан Қазақстан үшін басты басымдылықтадың бірі – мемлекет аумақтары және ШЫҰ мемлекеттері арасындағы экономикалық қарым-қатынасты бекіту және күшейту болып табылады", - деді Дүниежүзі экономикасы институтының сарапшысы Серік Бейсембаев.
Биылғы ШЫҰ форумына Үндістан мен Пәкістан мемлекеттері қатысады.
"Біз жыл сайын саммит алдында сарапшылар форумына жиналып, кезекті Мемлекет басшыларының отырыс барысына енгізілетін ұсыныстарды талқылаймыз. Осы саммитте алғаш рет ресми мүше ретінде Үндістан мен Пәкістан қатысады. Бұған дейін қос мемлекеттен жеке дара қатысушылар келген болса, бұл жолы тұңғыш рет ресми делегация қатысатын болады. Сондықтан ШЫҰ құрамына осындай ірі азия мемлекеттері енгеннен кейін ары қарай қай бағытта жылжу керектігін анықтап алу керек. Қазақстан ШЫҰ-ы жұмысы мен Еуразиялық ынтымақтастық үдерістеріне белсенді араласып келеді. Мемлекет басшылары қандай шешімге келетіні айтуға әлі ерте, дегенмен экономикалық ынтымақтастықты нығайту керек деп ойлаймын", - деп атап өтті Шығыс Азия мен ШЫҰ зерттеулер орталығының директоры Александр Лукин.
Форумға ШЫҰ-ы хатшылығының өкілдері, мемлекеттік құрылым, мүше мемлекеттердің ғылыми-зерттеу орталықтары мен ШЫҰ диалогы бойынша серіктестері қатысады. Оған Қытайдан, Ресейден, Үндістаннан, Пәкістаннан, Ираннан, Ауғаныстаннан, Беларусь және Орталық Азия елдері делегациялары келді. Форум нәтижелерi маусымда өтетiн саммиттiң қорытынды құжаттарын дайындау кезiнде қолданылып, ескерiледі.