Павлодар ауылында Жеңіс күні әжелерді лимузинмен серуендетеді

Baq.kz
Қазіргі уақытта ауылда 35 тыл ардагері және Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің 8 әйелі бар.

Павлодар ауылы әкімдігі екінші дүниежүзілік Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жесірлеріне ерекше сый әзірлеуде. Автокөлікпен серуендеу қашықтығы жеті шақырымнан асады және әжелер әкімдік сыйлаған күлді даңқ ескерткішінің алдына қоя алады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Сегіз әженің құрметіне Chrysler 300C маркалы қызыл лимузин жалданады. Бұл көлік ауыл тұрғындары соғысқа қатысқан әкелері мен ата-бабаларының суретін алып жүретін Мәңгілік полк шеруіне қатысады», - дейді ауыл әкімі Аждар Жүсіпов.

Әкім хабарлағандай, алдымен әжелерді қызметтік көлікпен ауылдық әкімдікке апарады, одан кейін оларды лимузинге отырғызады. Көлік әжелерді әкімдік ғимаратынан №44 бағыттағы автобустың соңғы аялдамасына дейін апарады. Бұл шамамен 7,5 шақырымдық жер.

«Бұл туралы әжелерге хабарланды. Олар қуанып қалды. Туған-туыстары олардың денсаулығына ерекше назар аударатындарын айтты. Сондай-ақ, кәсіпкерлер лимузинде отыратын әжелер мен тыл ардагерлеріне сыйлық әзірлеуде», - дейді әкім.

Қазіргі уақытта ауылда 35 тыл ардагері және Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің 8 әйелі бар. Олардың ең үлкені 94 жаста.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді