Қала билігі қауырт сағаттарда жүк көлігі қозғалысына шектеу енгізеді, деп хабарлайды Zakon.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елордадағы көлік ағысының жалпы жылдамдығының төмендеуіне жүк көліктерінің әсері болған соң осындай шешім қабылданды. Бүгінгі таңда қала аумағында 220-дан астам құрылыс учаскелері жұмыс істеуде, олардың бәріне жүк техникасы қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, жүк машиналары жылдамдығының баяулығы, олардың ебедейсіздігі мен көлемінің үлкендігі сияқты факторлар жолдарда апаттық-қауіпті жағдайлар тудыруы мүмкін.
14 мамырдан бастап 31 желтоқсанға дейін жұмыс күндері сағат 07.00-ден 09.00-ге дейін және 17.30-дан 20.00–ге дейін автомобиль жолдары шекараларының аймағында салмағы 3,5 тоннадан артық жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылады.
Елорда әкімдігі мұндай шектеулерді Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу кезінде қолданды. Ол кезде қаланың белгілі бір учаскелеріне жүк көлігінің кіруіне сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін шектеу қойылған болатын. Жүк қозғалысына шектеу бекітілген сұлбаға сәйкес қала ішіндегі белгіленген 18 учаскеге қатысты болып отыр.