Ақтөбеде жас келіншек көз жұмған лифтіде қандай ақау болғаны анықталды

Сурет: zakon.kz
Лифттегі ақаудан 28 жастағы журналист Айзат Әбдісамат көз жұмды.

Ақтөбе қаласында журналист Айзат Әбдісамат мінген лифтінің автоматикасы істен шыққан. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Дастан Аманов баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласында лифтте қайғылы оқиға тіркеліп, жергілікті билік арнайы комиссия құрған болатын. Бұған дейін хабарлағанымыздай, лифттегі ақаудан 28 жастағы журналист Айзат Әбдісамат көз жұмды.

Кейін оның күйеуі оқиғаның қалай болғанын баяндап берді.

«Журналист қаза болған лифтте автоматика істен шыққан. Яғни, әр лифттің бірнеше қорғанысы бар. Бірі механикалық, екіншісі, автоматика. Лифт есігі ашық тұрғанда, адам саны толық болғанда жүре алмайды. Бұл жағдайда техникалық ақау болып, есік жабылмай, лифт жүріп кеткен. Қазір құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп жатыр», - деді Ақтөбе облыстық Ақтөбе облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Дастан Аманов.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев