ҰБТ сұрақтары жаңартылды

Сурет: zakon.kz
Жаңартулар Бірыңғай ұлттық тестілеудің 25% -ын қамтыды.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев биылғы ҰБТ туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Біз талапкерлер арасында мемлекеттік грант бөлуде тепе-тендікті сақтаймыз деп уәде еткенбіз. Сөзімізде тұрдық. Енді «Алтын белгі» иегері, қарапайым мектеп аттестатын алған бітірушімен баллы бірдей болған жағдайда ғана басымдыққа ие болады. Жалпы, ҰБТ тапсыру форматы өзгеріссіз қалады, - деді министр.

Сағадиевтің айтуынша, көбінесе тест сұрақтары өзгерген.

«Өткен жылы біз 25%-дай сұрақтарды жаңарттық. Биыл тағы 25% өзгерттік. Сонымен қатар, биылдан бастап, ағылшын тілінде ҰБТ тапсыруға болады. Шет тілінде ҰБТ тапсыруға шамамен 250 бала өтініш білдірді. Сұрақтар қай тілде болмасын бірдей. Ешқандай жеңілдік жоқ, бұл оқушылардың өз таңдауы,- деп түйді министр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды