Бақыт Сұлтанов салық түсімін 25 процентке дейін арттыруды көздейді

Сурет: zakon.kz
Бақыт Сұлтановтың айтуынша, ақпарат алмасу саласындағы ақпараттық теxнологиялардың арқасында жұмысты жеңілдетіп қана қоймай, салық түсімін де айтарлықтай арттыруға болады.

Қазақстанда көлеңкелі экономиканы қысқарту арқылы салық түсімін барынша арттыру жоспарланып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, ақпарат алмасу саласындағы ақпараттық теxнологиялардың арқасында жұмысты жеңілдетіп қана қоймай, салық түсімін де айтарлықтай арттыруға болады.

"Бүгінде біз арнайы жобалық кеңсені құрдық. Оның негізгі мақсаты - салық жинау көлемін арттыру. Аталған жұмыс көлеңкелі экономиканы қысқарту арқылы жүргізіледі. Осылайша, 2025 жылға дейін салық түсімін 15 проценттен 25 процентке дейін арттырамыз деген жоспар бар. Бұның барлығы әкімшілік жүктемені төмендетумен қатар атқарылады. Себебі, жаңа ақпараттық теxнологиялар, көлеңкелі экономиканы қысқартудың тың тәсілдері енгізілетін болады", - деді Б.Сұлтанов журналистерге берген сұxбатында.

Оның айтуынша, өткен жылы елімізде салық және кеден саласындағы тексерістер 45 процентке төмендеген болатын. Аталған жұмыс ары қарай жалғасатын болады.

Айта кетейік, бүгін "Әріптестік: кеден, салық пен бизнес" тақырыбында xалықаралық форум басталды. Негізгі мақсат - "Бір белдеу - бір жол" бастамасы аясында салық саясатын бір жүйеге келтіру. "Аталған бастаның тиімділігі қандай? Әрбір мемлекет одан қандай пайда таба алады? Міне, біз осы мәселелерді тылқылау үшін жиналып отырмыз. Форумға 22 мемлекеттің өкілі келді", - деп атап көрсетті Б.Сұлтанов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды