Алматы облысында сел жүрді

Сурет: zakon.kz
Жаңбыр салдарынан сел жүріп, жолды жауып қалды.

Алматыда облысында Ақсай шатқалында көлемі 800 метр куб сел жүрді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттіне сілтеме жасап.

Оның мәліметінше, жауын-шашын салдарынан Ақсай өзенінің тармағы — Қызылжардағы су деңгейі көтеріліп, сел жүруіне әкеп соққан. Сел пионерлер лагеріне апаратын жолды алып кетіп, асфальт үстімен ағып жатыр.

Құтқарушылардың деректеріне сүйенсек, адам шығыны мен басқа да зардап болған жоқ.

Бұдан бөлек, Талғар ауданында жаңбыр салдарынан, "Верблюд" тауынан көлемі 60 метр куб көшкін жүрген.

Салдарынан Талғар — "Спутник" жазғы лагері жолы жабылып қалыпты. Оқиға орнында кезекшілік ұйымдастырылып, жергілікті атқару органдарына көшкін салдарын жою тапсырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды