Ресейлік ғарышкер Астананың ғарыштан түсірілген суретін жариялады

Қазақстандықтар ресейлік ғарышкерге алғыстарын жеткізді.

Белгілі ресейлік ғарышкер Антон Шкаплеров Астананың ғарыштан түсірілген суретін жариялады. Айтуынша, елордамызды ғарыштан суретке түсіру ұсынысы қазақстандық оқырмандардың тарапынан түскен, деп хабарлайды Қазақпарат Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

"Қазақстандық оқырмандар ел астанасын ғарыштан суретке түсіріп беруді жиі өтінеді. Мінеки, Қазақстанның інжу-маржаны - кереметтей Астана! Қала Есіл өзенінің жағалауында орналасқан. Суреттен Есілді де, қала айналасында орналасқан көптеген көлдерді де анық көруге болады. Сурет бірнеше апта бұрын түсірілген, мына суреттегі қала мұз құрсауынан енді ғана шығып жатыр. Ал қазір Астанада көктем жарқырап тұрған шығар?!" - дейді ғарышкер.

Қазақстандықтар ресейлік ғарышкерге алғыстарын жеткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: