Көкшетауда зейнеткер 5 қабаттан секіріп мерт болды

Сурет: zakon.kz
Зейнеткер бауыры жəне анасымен бірге тұрған.

Көкшетауда 60 жастағы зейнеткер əйел 5 қабаттан секіріп мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 мамыр күні Ақмола облыстық ауруханасына 5 қабаттан секірген 60 жастағы əйел түрлі дене жарақатымен жеткізілген.

Зейнеткер бауыры жəне анасымен бірге тұрған. Алкогольдік ішімдікке əуес жəне психоневрологиялық диспансерде есепке алынған. Əйел осыған дейін де бірнеше рет суицид жасауға əркеттенген.

Алайда, сол күні үйіне мас болып келіп, 5 қабаттағы баспалдақ тұсындағы терезеден секіріп кеткен. Соның салдарынан дене жарақатын алып, Ақмола облыстық ауруханасына жеткізілді. Аурухананың жансақтау бөлімшесінде көз жұмды.

Осыған байланысты Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметі оқиғаның болғанын растап, тексеріс жүргізіліп жатқанын айтып түсіндірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі