Киік аулаған шекара қызметінің капитаны ұсталды

Сурет: zakon.kz
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша тіркеуге алынды.

Заңсыз түрде киік аулаған шекара қызметінің капитаны ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында жазды.

«2018 жылғы 14 мамыр күні сағат 17:00 шамасында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК батыс аймақтық филиалының инспекторлары рейд жүргізу кезінде Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Қамысты ауылынан 15 шақырым жерде (РФ шекарасына жақын) мемлекеттік нөмірсіз және құжатсыз жүрген «ЧС-МОТО» квадрацикліндегі адамды ұстаған. Тексеру кезінде шекара қызметінің капитаны, шекаралық учаске қызметшісі, квадроцикл жүргізушісінен киіктің 12 дана мүйізі, қарудың чехолы, балта, қарумен атылған еркек киіктің мүйізімен бірге еті табылды», - деп жазды ол.

Оқиға орнына Жәнібек ауданының ІІБ жедел-тергеу тобының қызметкерлері шақыртылды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша тіркеуге алынды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері киікті заңсыз аулау дерегі бойынша заттай дәлелдерді іздестірілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі