Қ. Қасымов: Адам қағып өлтірген Риддер әкімінің орынбасары жазасын тартады

Сурет: zakon.kz
Қозғалған іс объективті түрде тергеледі.

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов жас жігітті қағып өлтірген Риддер әкімі орынбасарының үстінен қозғалған істі тежеуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Істі тежеуі мүмкін деген не сөз?! Адам тұтқынға алынды. Ол жерде анықтау қажет жайттар бар. Тергеп жатырмыз. Кінәлілердің барлығы жазаға тартылады», - деді ол.

Еске сала кетейік, 15 сәуірде сағат 21.00 шамасында Риддерде қала әкімінің орынбасары Б. Құрманбаев «BMW Х5» автокөлігін басқарып келе жатып, жоғары жылдамдықта 19 жастағы Е.В. Смольниковты қағып кеткен болатын. Оқиға салдарынан бозбала көлік апаты болған жерде көз жұмды.

Жол-көлік оқиғасы кезінде автокөліктің ішінде Б.П. Құрманбаевпен бірге Өскемен қаласының әкімі Қ.М. Тумабаев болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі