Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі – Департамент) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастырудағы руханият пен адамгершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің жұмысына дін орталығы, діни конфессия басшылары, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты, деп хабарлайды zakon.kz.
Дөңгелек үстел отырысын Департмент басшысының міндетін атқарушы Б.Байхожаев ашып, іс-шарада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Б.Ниязов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің Наиб Имамы Б.Ұлжаев, православ шіркеуінің өкілі В.Перехватов хабарламалар жасады.
Сондай-ақ, Дін орталығының директоры Б.Камалов өз хабарламасында сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарға жол берген азаматтардың қандай жауапкершіліктерге тартылатыны жөнінде айтып өтті.
Дөңгелек үстелдің қатысушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері заманауи әлемде және уақыт талабына сәйкес осы істе барлық қоғамның қатысуы өзекті тақырып екендігі аталып өтті, осыған байланысты барлық діни бірлестіктердің күшін біріктіру және жемқорлықты қабылдамау ахуалын қалыптастыруда нақты мәселе тұр.
Ресми мәліметке сәйкес елімізде 40 - тан астам діни конфессияны білдіретін 3500 ден астам діни бірлестіктер жұмыс жасауда. Ал, 90 жылдары олардың саны тек 671 болған.
Бүгінгі күні діни білім сыбайлас жемқорлыққа мәдениетті қалыптастыруда үлкен әлеуетке ие.
Қазақстанда мешіттер жанынан 400 бастапқы оқыту курстары, мешіттерден бөлек діни іс-шараларды өткізетін 383 намазханалар мен бөлмелер жұмыс жасайды.
Мысалға, еліміздің 2,5 мыңнан астам мешіттерде жұмалық намаз алдында «Парақорлық пен жемқорлықтың қасіреті» тақырыбында уағыздар айтылды.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша іс-шараның қатысушылары Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының тұрақтылығын, күн тәртібіндегі мәселелер, соның ішінде, конфессияаралық диалогты тереңдету бойынша бірқатар ұсынымдар әзірленді, сонымен қатар, діни қауымдастықтар мүшелерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру саласындағы келешегі кеңінен талқыланды.