Ханзада Гарри мен Меган Маркл үйлену тойының шығыны белгілі болды

Baq.kz
Тойдың қауіпсіздігіне 40 млн доллар кеткен болуы мүмкін.

Корольдік отбасы Ханзада Гарри мен актриса Меган Марклдың тойына 43 миллион доллар шығындады. Бұл туралы BriedBook порталы жазады, деп хабарлайды Вaq.kz.

Журналистер салтанатқа дайындалу барысын қадағалап, шараның шамамен қанша сомаға шыққанын есептеді. Олар шығынның көп бөлігі күзетке жұмсалды деп болжап отыр. Тойдың қауіпсіздігіне 40 млн доллар кеткен болуы мүмкін.

Басылымның хабарлауынша, корольдік отбасы тойды ұйымдастырушылардың қызметіне шамамен 150 мың доллар төлеген. Музыканттар үшін 400 мың доллар, гүлмен сәндегендерге 150 мың доллар, фото және видеооператорларға 23 мың доллар жұмсалды деп есептеді. Сонымен қатар, қонақтардың ас мәзіріне 385 мың доллар, ал тойдың арнайы тортына 65 мың доллардан аса ақша жұмсалған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды