Алдағы екі күнде республика бойынша күн ашық болады

bnews.kz
Тек солтүстік облыстардың кейбір жекелеген аудандарында аздаған жаңбыр болуы ықтимал.

Қазақстанның ауа-райына жоғары атмосфералық қысым өрісі ықпал ететін болады, сондықтан аумақтың көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі, бірақ солтүстік облыстардың кейбір жекелеген аудандарында аздаған жаңбыр болуы ықтимал, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

еспубликаның шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты шамалы жаңбыр болжанады.

Қазақстанның шығыс бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 2-4 градус төмен, ал батыс жартысында - нормадан 4-6 градус жоғары болып сақталады.

Атырау облысында 21-22 мамырда 37 градус ыстық болуы ықтимал. Осыған орай арнайы ескерту жарияланды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды