Өмірзақ Шөкеев жанар-жағармайдың қымбаттайтындығын айтты

ҚазАқпарат
1 маусымнан бастап барлығымызға белгілі акциз күшіне енеді.

Облыс әкімшіліктері тыңайтқышты субсидиялауға арналған қаражат көлемін ұлғайту қажет. Бұл туралы Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көктемгі егістік жұмыстары барлық өңірде кестеге сай жүргізіліп жатыр. Сондықтан әкімдіктерге өтініш, қолдағы барлық техниканы жұмылдырып, себу жұмыстарын оңтайлы мерзімде аяқтау қажет деп ойлаймын. Минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету процесі толықтай автоматтандырылған. Сол жүйеде қазір өтінім, сұраныс 21 млрд теңгені құрап отыр. Ал облыстарда қарастырылған қаржы - 17 млрд теңге», - деді ол.

Осы ретте, Үкімет басшысының орынбасары әкімшіліктер тыңайтқышты субсидиялауға арналған қаражат көлемін ұлғайтуы, Ақмола облысының әкімдігі субсидия нормаларын бекітуді тездетуі қажет екендігін баса айтты.

«Жанар-жағармайға келер болсақ, 1 маусымнан бастап барлығымызға белгілі акциз күшіне енеді. Баға көтеріледі деген сөз. Сондықтан мамыр-маусымға жоспарланған көлемді осы айдың соңына дейін алу қажет. Бұл барлық облысқа қатысты. Осы мәселелерді бақылауға алатын болсақ, көктемгі егістік жұмыстарын табысты өткіземіз деп ойлаймын», - деді Өмірзақ Шөкеев.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды