Алапат дауыл Петропавлдың да астан-кестенін шығарды

ҚазАқпарат
Петропавлдағы 20 шағынауданда құрылыс краны құлады.

Петропавлда алапат жел құрылыс кранын құлатып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңбыр мен дауылды жел санаулы секундтарда қаланы басып қалды. Ол аз ғана уақыт тұрғанымен шығын біршама шығын келтірді.

Петропавлдағы 20 шағынауданда құрылыс краны құлады. СҚО Төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ.Оқиға орнында департаменттің жедел тобы жұмыс істеуде.

Әлеуметтік желіні пайдаланушылар дауылдың тигізген салдары жайлы фото және видеоларды жүктеуде.

Олардың бірінде құлаған ағаштың автомобильді басып қалғаны көрсетілген. Сондай-ақ, сұрапыл жел 20 шағынауданда бірнеше сауда жасайтын шатырлы дүкендерді және аялдаманы аударып, ғимараттың шатырын ұшырып әкеткен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды