Аймақтар орман және дала өртіне дайын емес

today.kz
Биыл өрт қаупі аса жоғары.

Көптеген аймақтарда өрттің алдын алу шаралары көңіл көншітпейді. Үкімет отырысында төтенше жағдайларды болдырмау мәселесі бойынша есеп берген ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов осылай деді. Бұл туралы zakon.kz Астана телеарнасы таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, биыл өрт қаупі аса жоғары. Жыл басынан бері 45 орман өрті тіркелген. Ал материалдық шығын 4,4 млн теңгеге жетті.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі: Қолда бар техника мен күш аз екені белгілі. Соның салдарынан соңғы 5 жылда елдегі орман дала алқаптарында 20 мыңнан астам табиғи өрт орын алды. Материалдық залал 600 млн теңгеден, өртенген аудан 1,8 млн га асты. Қабылданып жатқан шаралар мен талаптарға қарамастан, аймақтар қауіпті өрт кезіне толық дайын деп айта алмаймыз.

Өрттің алдын алу бойынша дайындықты босаңсытқан аймақтар қатарында Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары бар. Бұл өңірлерде орман шаруашылықтары мен алқаптардағы өртті сөндіруге қолданылатын автоцистерналар жеткіліксіз. Қолда бар әрбір бесінші техниканың пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен, - деді министр. Ал премьер Бақытжан Сағынтаев ақшаны оңды-солды шашатын әкімдіктерді сынады.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі: Әкімшіліктерде қымбат автокөліктер жылда сатып алынады. Ал мына орман дала өрттерін сөндіруге байланысты, болмаса тасқын суға тойтарыс жасауға байланысты қажетті құрал-жабдыққа келген кезде, ақша жоқ болып қалады. Сондықтан, құрметті әріптестер, өңірлердегі осы мәселеге баса назар аударуды сұраймыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды