Елімізде жылжымайтын мүлікті тіркеу жеңілдейді

Sputniknews.kz
Үй салған кезде ХҚКО-ға барып, аз уақыт ішінде тиісті құжаттар алуға болады.

Әділет министрлігі атқарып келген жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметі жақында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының құзырына өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазір мемлекеттік корпорацияда мамандар оқудан өтіп, осы қызметті ұсыну бойынша басқа да дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу бойынша функция мемлекеттік корпорацияға берілсе, қызмет көрсету мерзімі мен тіркеу барысындағы шығын азайып, сондай-ақ қызметтерді кешенді түрде алуға мүмкіндік туады. Бұл өз кезегінде әкімшілік кедергілерді жойып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізбек.

Яғни, қазір азамат жеке баспана салған кезде пайдалануға беру акті негізінде мемлекеттік корпорация арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне сәйкестендіру мәліметтерін енгізеді. Мәліметтерді жүйеге енгізген соң бір жұмыс күнінен кейін меншік құқығын тіркеу үшін осы құжаттарды қайта тапсырады. Функциялар корпорацияға берілген кезде осы екі қызмет ХҚКО арқылы бір өтінішпен атқарылатын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді