Астанада 6 оқушы ағылшын тілінде ҰБТ тапсырады

ҚазАқпарат
Ағылшын тіліндегі сынақтан Спектрум мектебінің 3 түлегі және №8, 4 және 77 мектеп оқушылары өтеді.

Астана мектептерінің 6 түлегі Ұлттық бірыңғай тестті ағылшын тілінде тапсырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

«Биыл Астанада 5 870 оқушы мектеп бітіреді. Олардың 90 проценті - 5 329 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Оның ішінде, 3 293 оқушы қазақ тілінде, 2030 - орыс тілінде және 6 оқушы - ағылшын тілінде тапсырады», - делінген қалалық білім басқармасының хабарламасында.

Атап айтқанда, ағылшын тіліндегі сынақтан Спектрум мектебінің 3 түлегі және №8, 4 және 77 мектеп оқушылары өтеді.

«Сонымен бірге, ҰБТ Астанадағы 3 университет базасында ұйымдастырылады. Олар: Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті және Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті. ҰБТ өткізу орындарында онлайн көрсетілім қызметімен қамтамасыз етілген», - деп хабарлады мекеме.

Айта кетейік, Астана қаласында ҰБТ 2018 жылдың 20 маусынан 1 шілдеге дейін өтеді. Өткізу уақыты: сағат 9.00-ден 12.30-ға дейін.

Еске сала кетсек, Астананың білім басқармасы қоршаған ортаны қорғау мақсатында жалпы білім беру мектептерінен әуе шарларын ұшырмауды талап етті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты