Анамның алтындарын ұрлап құмар ойындарға тіктім: Қазақ жігітінің өкініші

Әкесінен таяқ жесе де, өз дегенінен қайтпаған ол күнара құмар ойынға барам дейді.

Айбек есімді қазақ жігіті 16 жасынан бастап казиноға қалай кіріп, неше түрлі құмар ойындарын ойнап келгенін жасырмай айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz Жетінші арнаның «Өз ойым» бағдарламасына сілтеме жасап.

Қазір Айбектің жасы 23-те. Осы күнге дейін құмар ойынның барлық түрлерін ойнап көрген Айбек, ақша таппай анасының алтындарын ұрлап сол ойындарға тіккенін де жасырмады.

Әкесінен таяқ жесе де, өз дегенінен қайтпаған ол күнара құмар ойынға барам дейді. Ұтқан кездерінен ұтылған кезі көп болған Айбектің енді дұрыс жолға түсіп, емделсем деген ниеті бар. Осы уақытқа дейін ол 2.5 миллиондай ұтылып қалғанын да жасырмады. Айбекке халық емшісі, медицина мамандары, және діни тұрғыда емдейтін адамдар көмек қолын созуға дайын. Олардың ішінен Айбек діни тұрғыда емделем деп өз таңдауын жасады.

Бағдарлама барысында айтыскер ақын Асхат Қылышбеков скайпқа шықты. Ол кезінде "Қапшағайдағы үлкен казиноға арнайы үш рет барғанын. Әр ойынға $500, $1500 АҚШ доллары кеткенін айтып ағынан жарылды.

Адасып құмар ойынға ілігіп жүрген жандарға өзінің дер кезінде иманның арқасында тоқтағанын айтты. Тасыған өмірде азаматтың басынан неше түрлі жағдай өтеді ғой деген айтыскер ақын «Казино» деп аталатын өлеңі сол құмар ойынның арқасында шыққанын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: