Алматыда Nexia көлігі жол апатын ұйымдастырып, оқиға орнынан кетіп қалған

zakon.kz
Жол апатынан ауыр жарақат алғандар жоқ.

Алматы қаласында Момышұлы көшесінде Nissan Murano мен Toyota Camry көлігінің қатысуымен жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Райымбек даңғылындағы көпірде болды. Куәгерлердің айтуынша, Toyota Момышұлы көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Көпірдің оң жақ бұрылысынан Daewoo Nexia көлігі шығып, Toyota-ның алдын кесіп, бірден ортаңғы қатарға өтпек болған. Toyota көлігінің жүргізушісі бірден тежегішті басып, нәтижесінде көлік қарсы жолаққа шығып кеткен. Қарсы тарапта келе жатқан Nissan көлігіне соғылған.

Жол апаты салдарынан ауыр жарақат алғандар жоқ.

Daewoo Nexia көлігі тоқтамастан кетіп қалған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін