Алматыда мектепке онлайн тіркелуге болады

Хабар 24
Mektep-almaty электронды порталы енді қаладағы барлық білім мекемесін қамтиды.

Алматылықтар бірінші сыныпқа баратын ұл-қыздарын интернет арқылы тіркей алады, деп хабарлайды Хабар 24.

Mektep-almaty электронды порталы енді қаладағы барлық білім мекемесін қамтиды. Бұған қоса осы порталдың көмегімен баланы түрлі үйірмелерге жазуға да болады. Сондай-ақ оқушыны бір мектептен екіншісіне онлайн түрде ауыстыруға мүмкіндік бар. Әзірге қызметтің бұл түрі Бостандық ауданында тестілік режимде істеп тұр. Білім басқармасы өкілдерінің айтуынша, мектеп басшылығы сол ықшамауданда тұратын бірінші сыныпқа баратын балалардың барлығын қабылдауға міндетті. Қалған бос орындарға басқа ауданның оқушылары өтініш білдіре алады. Қалаған білім ошағындағы артық орын туралы мәліметті де mektep-almaty электронды порталынан біле аласыз. Оған тіркелу өте оңай. Электронды цифрлық қолтаңба қажет емес. Тек жеке сәйкестендіру нөміріңізді терсеңіз жеткілікті. Сондай-ақ бұрынғыша жазбаша өтініш білдіруге де болады.

- Ата-аналар үйінде отырып өздерінің өтінішін осы порталға жіберсе, бірінші сыныпқа оқушылар қабылданады. Ал енді өзінің әлеуметтік жағдайымен ата-аналардың ғаламторы үйінде жоқ болса, онда ата-аналар мектепке келіп өзінің өтінішін береді. Өтінішін берердің алдында мектепте өз-өзіне қызмет ететін орындар бар. Сол жерде адам тағайындалып қойған. Сол адам өзі көрсетіп, қалай жазу керек екенін, қалай өткізу керек екенін – бәрін түсіндіріп береді, - деді №69 мектеп директоры Сәуле Төреқұлова.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты