Ақтөбеде ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарына арнап ескерткіш қойылады

Аktobenews.kz
Ақтөбедегі ескерткіш белгінің өз ерекшелігі бар.

Ақтөбеде қалалық мәдениет үйі маңында ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарына арнап ескерткіш қойылады. Жоба авторы Ахмет Құбай мүсінді қоладан, арнайы тақтаны қара граниттер салуды жөн көрген, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбедегі ескерткіш белгінің өз ерекшелігі бар. Қиындық көріп, азапқа төзіп, құр сүлдері қалса да алға ұмтылып келе жатқан адам мүсіні қоладан жасалған. Ал оның артындағы екі қанат қара граниттен тұрғызылып жатыр. Тастың бір бетінде тарихи дерек жазуды. Онда: «ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында қазақ жерінде ашаршылық зұлматынан миллиондаған адам қырылды. Саяси қуғын-сүргін жылдары 100 мыңнан астам адам қудаланып, лагерьлерге қамалды, 25 мыңы атылды. Ақтөбе облысынан қуғындалған 8 мың адамның 2 мыңнан астамы құрбан болды» деп қашалған. Екінші бетінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарихымыздың қасіретті беттері, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары әрқашан біздің жадымызда және оны ұмытпау біздің қасиетті борышымыз» атты сөзі жазылды.

«Бұл территория толық жаңартылып, ағаштар егіліп жатыр. Мұндағы субұрқақ та алдағы уақытта жөнделіп, іске қосылады. Ескерткіш 6 жобаның ішінен таңдалды. Облыстық комиссия мақұлдаған соң республикалық комиссия қарады. Құрылыс жұмыстары бірер күннен соң аяқталып, 31 мамыр күні ашылуы болады»,- деді Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева.

Айта кетейік, ескерткіш белгіні қоюға облыстық және қалалық бюджеттен қаржы бөлінді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады