Бойжеткенді қағып өлтірген автобус жүргізушісі айыбын өтеді

zakon.kz
Қорғаушы автобус жүргізушісінің кінәсін толық мойындағанын айтты.

Алматыда Әуезов аудандық сотында бойжеткенді қағып өлтірген автобус жүргізушісіне қатысты сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қорғаушы автобус жүргізушісінің кінәсін толық мойындағанын айтты.

«Жүргізуші кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда біз жапа шеккен тараппен келісіп, барлық шығынды өтедік. Енді сотталушыны бас бостандығынан айырмауды өтінеміз», - деді қорғаушы Әлім Мұстапаев.

Сот процесіне қатысқан қыздың туыстары марқұмның балаларды бейімдеу орталығында психолог болып жұмыс жасағанын айтты.

«Ол жұмысына 10 минутта баратын. Яғни, ол бағдаршамның қызыл түсіне өтуі мүмкін емес», - деді марқұмның туыстары.

Айта кету керек, жол апаты Сайран вокзалының маңында болған еді. 24 жастағы бойжеткенді №126 автобус жүргізушісі тура қиылыста қағып кеткен еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы