«Қорғас» өзенінде салынатын бөгетке Қазақстан мен Қытай тең қаржы бөледі

turkystan.kz
Құрылыстың жалпы сметалық құны 11,7 млрд теңге.

Парламент Мәжілісінің отырысында "ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы Қорғас өзеніндегі "Шүкірбұлақ (Алмалы)" бірлескен сел ұстайтын бөгетін салудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау" туралы ҚР Заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Өткен жылдың маусым айында біздің Үкімет пен Қытай Үкіметі арасында «Қорғас» өзенінде «Шүкірбұлақ» бөгетін бірлесіп салуға арналған келісімге қол қойылды. Аталған бөгет «Қорғас» халықаралық орталығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Себебі орталық өте жоғары сел мен тасқын қаупі бар аумақта орналасқан", - деді Ішкі істер министрі.

Қ. Қасымовтың айтуынша, құрылысқа екі жақ тең қаржы бөлетін болады. Құрылыстың жалпы сметалық құны 11,7 млрд теңге. Бұған керекті қаражат 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетте қаралған.

Талқылаудан кейін палата депутаттары «ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы Қорғас өзенінде «Шүкірбұлақ (Алмалы)» бірлескен сел ұстайтын бөгетін салудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын бірауыздан мақұлдады.

Гүлім Тоқтарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты