Қызылорда облысында менингит ауруы тіркелді

alashainasy.kz
Қазіргі таңда науқастың денсаулығы бірқалыпты, дәрігерлердің бақылауына алынған.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында менингококк инфекциясының алғашқы жағдайы тіркелді. Қатерлі дертке шалдыққан 1991 жылы азамат аудандық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі таңда науқастың денсаулығы бірқалыпты, дәрігерлердің бақылауына алынған.

Аталмыш жағдайға байланысты Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанынан арнайы штаб құрылды. Мамандар эпидемияға қарсы және алдын алу шараларын ұйымдастыруда.

«Науқаспен тығыз қарым - қатынаста болған 11 азамат анықталды. Қазір бұл кісілер дәрігерлердің қатаң бақылауына алынды. Менингококты инфекция сырқат адамнан ауа және тамшы арқылы таралатыны белгілі. Осы ретте, тұрғындар сақтық шараларына мән бергені дұрыс. Алдағы уақытта вакцинация жұмыстары атқарылатын болады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаева.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?