Назарбаев: «Нұр Отан» партиясының ұстанымдарын нығайту керек

Партия жаңғырудың негізгі қозғаушы күштерінің бірі болуы керек.

Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараға саяси кеңестің барлық мүшесі, бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары, партия аппаратының өкілдері қатысады. Бейнеконференцияда облыстық филиалдардың басшылары, мәслихат хатшылары, аймақтық партия активтері қосылған.

«Бұл дұрыс та, олар бәрін тыңдау керек, себебі бұл бәріміз үшін ортақ міндет», - деді Президент.

Ол өткен жылдың қараша айында саяси кеңес отырысында партия қызметін жаңарту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар бергенін еске салды.

«Біз партияның ұлттық күн тәртібін қалыптастыруға белсенді түрде қатысуы керек екенін айттық. Ол жаңғырудың негізгі қозғаушы күштерінің бірі болуы керек. Сондай-ақ, партияның ғана емес, елдегі кадрлық резервпен мақсатты түрде жұмыс жасауды тапсырылған. Біз осы кезеңде партия мүшелерінің санына емес, сапасына назар аудару керек екендігін айттық. Біздің міндетіміз - жаңа саяси технологияларды белсенді пайдалану болды. Жастармен жұмысты жандандыру қажеттілігі туралы айтқан болатынбыз», - деді ол.

Нұрсұлтан Назарбаев «Жас Отан» партиясының алдында барлық жастар ұйымының интеграторы болу міндеті тұрғанына назар аударды. Ал жақында өткен «Жас Отан» съезі жастардың өте белсенді екендігін және мемлекет істеріне араласқысы келетінін көрсетті.

«Мен сондай-ақ партиялық білім беруді сараптамалық зерттеу мәселелерін шешуді тапсырған болатынмын», - деді ол.

Оның айтуынша, осы берілген тапсырмалардың мәні - «Нұр Отан» партиясының «елдегі жетекші саяси күштердің бірі ретінде, Қазақстанның жаңаруының сенімді негізі ретінде» позициясын нығайту болып табылады.

Бүгін Президенттің берген нұсқаулықтарының қаншалықты орындалғаны қаралады. Күн тәртібінде екі мәселе бар - «Нұр Отан партиясының» жүйелі түрде жаңғыруы және Президенттің 5 әлеуметтік бастамамасын жүзеге асыру, қоғамдық бақылау қалай өтіп жатқанын қарау мәселесі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: