Павлодарда 73 жастағы қария өлі күйінде табылды

www.pavlodarnews.kz
Қазіргі уақытта зейнеткердің неден көз жұмғаны анықталуда.

Павлодарда төрт күн бойы іздеген 73 жастағы Петр Ткаченко өлі күйінде табылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы агенттікке отбасының танысы Юлия Коришкова мәлім етті.

- Өкінішке орай, Петр Ткаченко 2 маусым күні өлі күйінде табылды, - деді Юлия Коришкова. – Денесі қамыстың арасынан анықталды. Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінде оқиға Усолка өзенінің Шаңғы базасының қасында болғанын айтты.

ІІД-де табылған ер азаматтың денесі 73 жастағы Петр Ткаченкоға тиесілі екенін растады.

Қазіргі уақытта зейнеткердің неден көз жұмғаны анықталуда.

Естеріңізге сала кетейік, Петр Ткаченко 29 мамыр күні таңғы сағат жетіде үйінен шығып, қайта оралмаған.

Назым Қарабаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді