ОҚО-да 2 жаңа прокурор тағайындалды

bnews.kz
Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы ақпаратты ресми парақшасында жариялады.

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш және Бәйдібек аудандарына жаңа прокурорлар тағайындалды, - деп хабарлайды zakon.kz Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 4 маусым 2018 жылғы бұйрығымен Әділ Абдіқадырұлы Кәрім Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының прокуроры қызметіне тағайындалды.

Ә.Кәрім 10 қараша 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында туылған, білімі жоғары, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Сыныптық шені – кіші әділет кеңесшісі.

Ал, Жомарт Нұрғалиұлы Нұрғали Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының прокуроры қызметіне тағайындалды.

Ж.Нұрғали 30 қаңтар 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында туылған, білімі жоғары, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Сыныптық шені - әділет кеңесшісі.

Соңғы қызмет орны - Шымкент қаласы Абай ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды