Құтқарушылар шаңды дауыл кезінде не істеу керектігін айтты

/today.kz
Таңертең және күндіз найзағай, дауыл, шаңды дауыл, бұршақ жаууы мүмкін.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше 8 маусымда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай көшпелі жел соғады, екпіні 15-20 м/с, уақыт өте 23 м/с күшейеді. Таңертең және күндіз найзағай, дауыл, шаңды дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайтыына сілтеме жасап.

Осыған байланысты Астана Төтенше жағдайлар департаменті елорданың тұрғындары мен қонақтарына ескертеді:

- мұқият болыңыз, ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалаңыз;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

- пәтер мен үйлерде барлық терезелерді нық жабыңыздыр;

- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз;

- құрылыс объектілері қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндігінше құрылыс-монтаж жұмыстарына шектеу бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет.

- егер дауыл ғимаратқа дейін соқса терезеден алыстау кетіп, қауіпсіз жерге, дәлізге, бекем орнатылған шкафтың қасына барып тұрыңыз. Электроэнергияны ток көзінен ажыратып, газ желісіндегі құбырды жабыңыз. Шаңды дауыл кезінде бетіңізді дәкемен, орамалмен, мата қиындысымен бүркемелеп алыңыз, ал көзіңізге көзілдірік таққан дұрыс.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі