Бөрлі ауданында мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

Бөрлі жаршысы
Ел құндылығын дәріптеп, асқақтату мақсатында «Менің Қазақстаным» акциясы өтті.

Бүгін — Мемлекеттік рәміздер күні. Бөрлі ауданы жұтшылығы егемендіктің ең басты белгісі, тәуелсіздігіміздің нышандарына құрмет көрсетті.

Ел құндылығын дәріптеп, мерейін асқақтату мақсатында мекеме мен кәсіпорын қызметкерлері жұмыс күнін Қазақстан Республикасының әнұранынын орындаудан басталып, «Менің Қазақстаным» акциясымен жалғасты. Акция барысында авто шеру ұйымдастырылды. Ақсайдың басты көшелерімен жүріп өткен шеру 22 Мемлекеттік Туымызды көкке қалықтатты. Жанға қуат, бойға мақтаныш, асқақ рух сыйлады. Көк туымызды алып өту аудандағы ұлт пен ұлыстың татулығын меңзейтін Халықтар достығы көшесінен басталды. Кейін Жамбыл, Совет көшелерімен жүріп өтті. Ал өңірдегі спортшы жастар бес шақырым жолды велосипедпен жүріп өтті. Жастардың бойында патриоттық сезімді арттырған жорыққа елу оқушы қатысты. Ғ.Жәңгіров атындағы саябаққа табан тіреген шерушілер ауданның басты сахнасында өткен мерекелік шараға көрік берді. Шара аудандық демалу орталығы дайындаған мерекелік концертпен жалғасты.

Айым Нұрғалиева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ тілі бизнестің, техниканың, ғылымның тіліне айналуда

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай