Перзентхана қызметкерлерінің шала туған сәбилерді пешке өртеп келгені анықталды

stan.kz
Былтырғы жылы перзентханананың пешінен 4 баланың түсік жасатылған денесі табылған.

Өзбекстанның Самарқанд қаласында жеке емхана заңсыз түсік жасап келген. Қызметкерлер жаңа туған сәбилерді сатып, кейбірін өлтірген, деп жазады stan.kz жергілікті “Хукук” газеті берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Былтырғы жылы перзентханананың пешінен 4 баланың түсік жасатылған денесі табылған.

«16 наурыз күні кезекші дәрігер хабарласып, муфельді пеш ішінен түсік жасатылған шарана денелері табылғанын айтты. Оны пешті тазаламақ болған санитар қызметші байқаған. Пештен 4 сәбдің денесі болған», – дейді емхананың бас дәрігері Илхом Хазраткулов.

Оның айтуынша, түсікті екі емханада жасаған. 5-6 айлық сәбилерге түсік жасатқан.

«Оларда муфельді пеш болмағандықтан, біздікін пайдаланған. Түсік жасатылған денелерді санитарға беріп, ол пешке тастап отырған. Сол күні газдың аз болуына байланысты денелер жанбай қалған. Сәбилер медикаментозды түсік арқылы алынып тасталғандар. Әдетте 6-7 айлық сәбилерді құтқаруға болады», – дейді Хазраткулов.

Басылым мәліметінше, тірі туған сәбилерді 500-2000 долларға баласы жоқ ерлі-зайыптыларға сатқан.

Емхананың бас дәрігері 13 жыл, 2 айға қамалды. Перзентхананың бірнеше қызметкерлері сотталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді