Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының отырысында Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның айтуынша, 2020 жылға дейін әлі біраз уақыт бар.
«Қасым-Жомарт Кемелұлы (Тоқаев) дұрыс айтып өтті, бұл шешімді тек Мемлекет басшысының өзі қабылдайды. 2020 жылы сол кездегі жағдайды қарастыруымыз керек», - деді министр.
Министр егер Мемлекет басшысы 2020 жылы сайлауға қатысатын болса, еліміз бұдан да биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді.
«Менің ойымша, Президентпен тікелей ұзақ уақыт жұмыс істеген және Мемлекет басшысының ұлы тәжірибесін ескере отырып, саясатта, экономикада, халықаралық істерде және оның халықаралық беделін ескере отырып, Мемелекет басшысының 2020 жылы сайлауға қатысқанынан Қазақстан ұтылмайды, керісінше, пайдасы тиетіні анық», - деп қорытындылады Абаев.
Қазақстан Парламенті Сенатының (жоғарғы палата) төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаев келесі президенттік сайлауға қатыспайды деп санайды. «Ашығын айтқанда, мен Назарбаевтың 2020 жылғы президенттік сайлауға баратынына сенбеймін. Себебі ол өте ақылды, дана адам. 2020 жылы президенттік сайлау Назарбаевтан басқа кандидаттармен өтеді деп ойлаймын, - деді ол.