Шартты түрде түрмеден босағандарға не істеуге болмайды

ҚазАқпарат
Ендігі уақытта әкімшілік қадағалау мерзімі оның соттылығын өтеу мерзіміне дейін ұзартылады.

Шарты түрде мерзімінен бұрын түрмеден босағандарға бірнеше тыйым салынады. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бұрын шартты түрде мерзімінен бұрын түрмеден босап шыққандарды қадағалау үш жыл бойы жүргізіліп келген. Ал ендігі уақытта әкімшілік қадағалау мерзімі оның соттылығын өтеу мерзіміне дейін ұзартылады.

«Мемлекет оған сенім артып отыр. Айталық, 7 жылға сотталған адам жаза мерзімінің жартысын өтегеннен кейін 3,5 жыл бұрын бостандыққа шығады. Содан кейін ол түзелу жолына түскенін, бір жерден жұмыс тауып, отбасын асырап отырғанын көреміз. Дегенмен, мемлекет еркіндікке жіберіп, жанашырлық танытқаннан кейін оның алдына нақты міндеттер қойылады. Ол арақ ішпеуі, есірткі заттарын тұтынбауы қажет. Егер ол арақ ішіп көзге түссе, онда міндеттемесін орындамады, өзінің қылмыстық әрекеттерін сезінген жоқ деген сөз. Онда ол бас бостандығынан айыру орнына қайта барады», - деді Марат Ахметжанов.

Айта кетейік, Бас прокурордың орынбасары бүгін Сенат қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнама мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның кейбір нормаларын БАҚ өкілдеріне түсіндіріп берген болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді