Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Лиссабонда жылап тұрған кішкентай фанатын жұбатты деп жазады sputniknews.kz.
"Роналду" және "7" деген жазуы бар жейде киген балақай кумирімен кезігіп үлгермегені үшін көз жасына ерік берген. Португалия құрамасының жұлдызы автобустан түсіп, балақайды бауырына басып, жұбатты.
Жасын сүртіп, кішкентай жанкүйерімен суретке де түсті.