Дональд Трамп пен Владимир Путин кездеседі

Хабар 24
Кездесу әзірге Финляндияның астанасы Хельсинки қаласында өтеді деген болжам бар.

Ақ үй басшысы Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі 11-12 маусымға жоспарланған, деп хабарлайды Хабар 24.

Солтүстікатлантикалық келісім ұйымы жиынынан кейін өтуі мүмкін. Кездесу әзірге Финляндияның астанасы Хельсинки қаласында өтеді деген болжам бар. Америка Құрама Штаттарының вице-президенті Майк Пенстің мәлімдеуінше, кездесудің негізгі тақырыбы экономикалық ахуал болмақ. Осыған дейін Трамп Сирия мен Украина мәселелерін де қозғайтыны туралы айтқан болатын.

Айта кету керек, 27 маусым күні Владимир Путин АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтонмен кездесті.

- Кездесу жақын арада өтеді. Алайда дәл қай кезде екенін нақты айту қиын. Еуропаға іссапарым барысында кездесіп қалуымыз әбден мүмкін. Қазіргі таңда Ресеймен және Қытаймен қарым-қатынасты реттеу тек АҚШ үшін ғана емес, бүкіл әлемдік экономика үшін өте маңызды, - деді АҚШ президенті Дональд Трамп.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?