БҚО-да бес адам орманда адасып кетті

www.inform.kz
Серебряков кентінен 30 шақырымдай жүргеннен кейін олар адасқан.

Батыс Қазақстан облысында бес адам, соның ішінде екі жүкті әйел орманда адасып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Аягөз Қожанбаеваның айтуынша, 28 маусым күні Орал қаласына қарасты Серебряков кенті маңындағы орманда бес адамның адасып кеткені жөнінде хабар түскен.

Кейін анықталғанындай, олар «Лада Приора» автокөлігімен Оралдан шығып, Жайық жағасына бет алған.

Серебряков кентінен 30 шақырымдай жүргеннен кейін олар адасқан. Көп ұзамай кабинасында екі ер адам, қос жүкті әйел және қыз болған автокөлік сынып қалған.

Адасқан адамдарды іздеуге жедел құтқару жасағының кезекші тобы шықты. Түнгі уақыт болғандықтан, іздестіру жұмыстары оңайға түскен жоқ.

Дегенмен 1 сағат 20 минуттан кейін адамдар табылды. Құтқарушылар автокөлікті оталдыруға көмектесіп, кентке дейін шығарып салды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды