29 маусым күні Болгария халқының саны 7 миллион адамнан азайды. Мұндай ақпарат БҰҰ экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаментінің есептегішінде көрсетілген, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Болгария халық санының жылдам азаюына алаңдаулы. Елдің қазіргі ахуалы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайдан да жаман. 1946 жылы Болгарияда 7 029 349 адам тұрған.
"Бұл жаман жаңалық…Болгарияның демографиялық ахуалы нашарлап барады, ол өлім аузында…Біз әлемдегі ең жылдам құрып бара жатқан ұлтпыз", — деді академик Петр Иванов.
Порталдың мәліметінше, 29 маусым күні Болгарияда 120 сәби дүниеге келсе, 193 адам өмірден озған.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жүргізілген халық санағына сәйкес, 1946 жылы Болгарияда 7 029 349 адам тұрған. Ал 1985 жылы тұрғындар саны 8 948 649 адамға жетті. Қазір Болгарияның демографиялық ахуалы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайдан да нашар, деп жазады басылым.