Алматы тауында туристер құлаған тастардың астында қалып қойды

sputniknews.kz
Алматылық құтқарушылар зардап шеккендерді тікұшақпен алып кетті.

Төтенше оқиға Алматы тауларының етегінде болған, "Шымбұлақ" тау шаңғысы базасынан басталған альпиниада Астананың 20 жылдығына арналған еді. Сол күні Физкультурник шыңын шара қатысушылары "Қазақстанның ұлттар ассамблеясы" шыңы деп атауды жоспарлаған болатын, деп жазады sputniknews.kz.

Мемлекеттік БАҚ-тардың мәліметінше, оқиға туристер тобы демалуға тоқтаған кезде болған. Құлаған тастардың үнін естіген туристердің дені қауіптен қашып үлгереді. Алайда 65 жастағы әйел адам артта қалып қойып, аяғын сындырған.

Алматы төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 1994 жылы туған жігіт те абайсызда құлап, аяғын жарақаттапты.

Зардап шеккендерді алып кетуге Алматы қаласы "109" қызметінің МИ-8 тікұшағы аттанды, туристерді құтқарушы дәрігермен бірге "Медеу" мұз айдыны жанындағы тікұшақ алаңына дейін жеткізіп салды. Сол жерде оларды дәрігерлер бригадасы күтіп тұрды.

Қазір зардап шеккендердің өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, жағдайлары бір қалыпты, ем алып жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды